Қазақша аудармасы
Әзірет Айша былай дейді: «Ардақты Пайғамбарға: “Уа, Расулалла! Хуәййдің қызы Сафия хайыз болды!” – дедім. Алла елшісі (с.а.с.): “Бізді осында кідіртіп қоя ма? Ол сендермен бірге Бәйтулланы тауап етпеді ме?” – деп сұрады. Жұрт: “Етті!” – деді. Сонда ардақты Пайғамбар: “Ендеше, кеттік!” – деді».1
- 1Бұхари, «Хайыз», 6/27; Мүслим, «Хаж», 15/385. Сондай-ақ қараңыз: Шайбани, 468.