Хадис

Муатта, № 209

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
21. Қажылық
бап
69. Муәррәс және Мухассаб деп аталатын жерлерде намаз оқу
Нөмірі
№ 209 (кітап ішіндегі рет реті)
209
Муатта, 21-кітап, № 209
Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Омардан жеткен риуаятта былай делінеді: «Алла елшісі (с.а.с.) Зүлхуләйфадағы Батхаға түйесін шөктіріп, сол жерде намаз оқыды».1 Нәфиғ Абдуллаһ ибн Омардың да осылай істегенін айтады.

Имам Мәлик былай дейді: «Қажылықтан қайтқан адамға Муәррәстен намаз оқымай өтіп кету лайық емес. Ол жерге келгенде намаз оқуға болмайтын уақыт болса, намаз оқитын уақыт кіргенше күтсін. Содан кейін шамасы келгенше намаз оқысын. Маған жеткен риуаят бойынша, ардақты Пайғамбар ол жерге тынығу үшін аялдаған. Абдуллаһ ибн Омар да сол жерге түйесін шөктірген».2

  1. 1Мүслим, «Хаж», 15/43.
  2. 2Шайбани, 516.