Садақа ибн Ясар әл-Мәккиден жеткен риуаятта былай делінеді: «Йемендік бір адам Абдуллаһ ибн Омарға келді. Әлгі адам шашын өріп алған екен. Ол: “Уа, Әбу Абдуррахман! Мен тек ұмра жасау үшін келдім!” – деді. Абдуллаһ ибн Омар оған: “Қасыңда болсам немесе менен сұрасаң, саған қиран қажылығын, яғни бір ихраммен қажылық пен ұмраны бірге жасауды айтар едім”, – деді. Йемендік: “Енді іс болып қойды ғой!” – деді. Абдуллаһ ибн Омар: “Онда шашыңның ұшынан қысқарт та, Қағбаға құрбандық жібер”, – деді. Сонда ирақтық бір әйел: “Жіберілетін құрбандық деген не, уа, Әбу Абдуррахман?” – деп сұрады. Абдуллаһ: “Құрбандық мал”, – деп қайталады. Әйел: “Ол қандай мал болуы керек?” – деді. Сонда Абдуллаһ ибн Омар: “Мен бір қойдан басқа ештеңе таба алмасам да, соны шалғанды ораза ұстағаннан артық көрер едім”, – деді».
Муатта, № 165
- Жинақ
- Муаттаالموطأ
- кітап
- 21. Қажылық
- бап
- 52. Қағбаға жіберілетін құрбандыққа қатысты әртүрлі риуаяттар
- Нөмірі
- № 165 (кітап ішіндегі рет реті)
Қазақша аудармасы