Хадис

Муатта, № 151

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
21. Қажылық
бап
47. Қағбаға жіберілетін құрбандықтың жарақаттануы немесе жоғалуы
Нөмірі
№ 151 (кітап ішіндегі рет реті)
151
Муатта, 21-кітап, № 151
Қазақша аудармасы

Һишам әкесі Уруадан жеткізеді: «Алла елшісінің (с.а.с.) Қағбаға құрбандық малын айдап баруға жіберген адамы: “Уа, Расулалла! Құрбандық жолда жарақаттанып, жүре алмай қалса, не істейін?” – деп сұрады. Алла елшісі (с.а.с.): “Жүре алмай қалған әрбір құрбандықты шал. Мойнындағы белгісін қанына былға да, етін адамдарға қалдыр, жесін”, – деді».1

  1. 1Әбу Дәуіт, «Хажж», 11/18; Тирмизи, «Хажж», 7/71; Ибн Мәжа, «Хажж», 25/101. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 405.