Хадис

Муатта, № 143

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
21. Қажылық
бап
45. Қағбаға жіберілетін құрбандықтар
Нөмірі
№ 143 (кітап ішіндегі рет реті)
143
Муатта, 21-кітап, № 143
Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Динардан: «Абдуллаһ ибн Омардың қажылықта екі-екіден, ұмрада бір-бірден құрбандық жібергенін көрдім. Сондай-ақ ұмрада оның құрбандығын Халид ибн Әсидтің үйінің жанында шалғанын көрдім. Өзінің де үйі сол жерде еді. Құрбандық түйенің тамақ түбіне найзаны қадағанын көрдім. Найзаның ұшы жануардың иық тұсының астынан шықты».1

  1. 1Шәйбани, 406.