Хадис

Муатта, № 105

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
21. Қажылық
бап
32. Дұшпаннан өзге кедергіге байланысты тауап жасай алмаған адамның жағдайы
Нөмірі
№ 105 (кітап ішіндегі рет реті)
105
Муатта, 21-кітап, № 105
Қазақша аудармасы

Әйюб ибн Әби Тәмима әс-Сахтияни басралық бір адамнан жеткізеді: «Меккеге қарай жолға шықтым. Біраз жүргеннен кейін сан сүйегім сынды. Меккеге хабар жібердім. Сонда жүрген Абдуллаһ ибн Аббас та, Абдуллаһ ибн Омар да, өзге адамдар да ихрамнан шығуыма рұқсат бермеді. Сол күйімде су басында толық жеті ай тұруға мәжбүр болдым. Кейін ұмра жасап, ихрамнан шықтым».