Қазақша аудармасы
Абдуллаһ ибн Аббастан: «Фадл ибн Аббас Алла елшісінің (с.а.с.) көлігіне артына мінгесіп отырған еді. Осы кезде Пайғамбарымызға Хасғам тайпасынан бір әйел келіп, бір мәселені сұрағысы келді. Фадл мен әйел бір-біріне қарай бастады. Мұны көрген Пайғамбарымыз Фадлдың басын басқа жаққа бұрды. Әйел: “Уа, Расулалла! Қарт әкем үшін қажылық парыз болды, бірақ ол көлік үстінде отыра алмайды. Оның орнына мен қажылыққа бара аламын ба?” – деп сұрады. Алла елшісі (с.а.с.): “Иә”, – деді. Бұл оқиға Қоштасу қажылығында болған еді».1
- 1Бұхари, «Хажж», 25/1; Мүслім, «Хажж», 15/407. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 481.