Қазақша аудармасы
Әнас ибн Мәлик былай деп әңгімелейді: «Рамазанда ардақты Пайғамбар жаныма келіп: “Маған осы рамазанда Қадір түні көрсетілген еді. Бірақ екі адам айтысып қалып, ол туралы білгенім жадымнан көтерілді. Ол түнді рамазанның жиырма бесінші, жиырма жетінші және жиырма тоғызыншы түндерінен іздеңдер”, – деп бұйырды».1
- 1Ибн Абдулбәр былай дейді: «Имам Мәликтен жеткен риуаяттың иснады мен мәтіні жөнінде талас жоқ. Хадис Әнас – Убада ибн әс-Самит тізбегімен жеткен».