Қазақша аудармасы
Омар ибн Убайдуллаһтың азат еткен құлы Әбу Нәдірден риуаят етіледі: «Абдуллаһ ибн Үнәйс әл-Жүһәни ардақты Пайғамбарға: “Уа, Алланың елшісі! Үйім алыс еді. Бір түнді белгілеп беріңіз, сол түні келейін”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.): “Рамазанның жиырма үшінші түні кел!” – деп бұйырды».1
- 1Ибн Абдулбәр былай дейді: «Бұл хадис – мүнқатиғ». Мүслім («Сиям», 13/218) оны мәусул түрде жеткізеді.