Қазақша аудармасы
Сүлеймен ибн Ясардан риуаят етіледі: «Омар ибн Хаттаб жамағатқа таң намазын оқытты. Содан кейін уақыт жоғалтпай Жұруфтағы жеріне барды. Сол жерде киіміне қарағанда, ихтиләм болғанын түсінді де: “Ет жеген кезде тамырлар босаңсиды”, – деді. Дереу ғұсыл алды. Киіміндегі нәжісті жуды. Намазын қайта оқыды1».
- 1Жүніп күйінде жамағатқа намаз оқытқанымен, намазды тек өзінің қайта оқуы әрі жамағатқа намаздарын қайта оқытпауы мынаған дәлел: имам жүніп екенін ұмытып, жамағат та оны білмесе, олардың намазы бұзылмайды. Ал имам жүніп екенін біле тұра намаз оқытса, жамағаттың да намазы бұзылады.