Қазақша аудармасы
Сәлим ибн Абдуллаһ былай деп баяндайды: «Бір сапарда әкем Абдуллаһ ибн Омармен (р.а.) бірге едім. Бір күні күн шыққаннан кейін дәрет алып, намаз оқығанын көргенде, оған: “Сіз мұндай уақытта намаз оқымайтын едіңіз ғой?” – дедім. Ол: “Таң намазы үшін дәрет алғаннан кейін жыныс мүшеме қол тигізген едім. Кейін қайтадан дәрет алуды ұмытып, намаз оқып қойдым. Міне, енді дәрет алып, намазды қайта оқыдым”, – деді1».
- 1Осы және осыған ұқсас риуаяттарға сүйеніп, имам Мәлик, имам Ахмад ибн Ханбал, имам Шафиғи және осы мәзһабтардың өзге имамдары жыныс мүшесіне қол тигізген адамның дәреті бұзылады деген ортақ пікірге келген. Ал ханафи имамдары төмендегі хадиске сүйеніп, дәрет бұзылмайды деген қорытынды жасаған. Мұндай жағдайда пікір қайшылығынан шығу үшін дәрет алу мұстахаб деген. Бәдәуи екені аңғарылатын бір адам ардақты Елшінің (с.а.с.) құзырына келіп: «Уа, Расулалла! Намазда жыныс мүшесіне қол тигізген адам жайында не дейсің?» – деп сұрағанда, ардақты Елші (с.а.с.): «Ол да денеңнің бір бөлігі емес пе?» – деп бұйырған. Әбу Дәуіт, «Таһарат», 70; Тирмизи, «Таһарат», 62; Ибн Мәжа, «Таһарат», 118. Бұл хадис бойынша, жыныс мүшесіне қол тигізу дененің кез келген жеріне қол тигізу сияқты, яғни дәретті бұзбайды.