Қазақша аудармасы
Әл-Миқдад ибн әл-Әсуәд былай деп баяндайды: «Әли ибн Әбу Талиб (р.а.) әйеліне жақындағанда өзінен мәзи ағатын адамның не істеуі керектігін Алла елшісінен (с.а.с.) сұрауымды бұйырды да: “Алла елшісінің (с.а.с.) қызы Фатима менің әйелім болғандықтан, мұны одан өзім сұрауға ұяламын”, – деді. Мұны ардақты Елшіден (с.а.с.) сұрағанымда, ол: “Сендердің бірің мұндай нәрсені байқаса, жыныс мүшесін жусын әрі намаз дәретін алғандай дәрет алсын”, – деп бұйырды1».
- 1Ибн Абдилбәр былай дейді: «Бұл – муттасыл иснад емес. Өйткені Сүлеймен ибн Ясар мұны Миқдадтан да, Әлиден де естімеген. Бұл хадисте Сүлеймен мен Әлидің арасында Ибн Аббас бар». Муслимнің «Хайыз» кітабында (3/19) Ибн Аббастан риуаят етілген. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 42.