Қазақша аудармасы
Абдуррахман ибн әл-Мүжәббир былай дейді: «Абдуллаһтың ұлы Сәлимді мұрнынан қан ағып тұрған кезде көрдім. Тіпті саусақтары қып-қызыл қан болатын. Ол мұрнын уқалап, содан кейін дәрет алмай намаз оқитын1».
- 1Яғни аққан қан дәретін бұзбайды деп есептеп, дәретін жаңартпаған. Имам Шафиғи де: «Денеден шыққан қан қаншалықты көп болса да, дәретті бұзбайды», – дейді. Ал ханафилердің пікірінше, дененің кез келген жерінен шығып аққан қан дәретті бұзады.