Қазақша аудармасы
Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: «Алла елшісі (с.а.с.): “Ит сендердің біріңнің ыдысынан су ішсе немесе бір нәрсе жесе, сол ыдысты жеті рет жусын”, – деп бұйырды1».
- 1Бұхари, «Уду», 4/33; Муслим, «Таһарат», 2/90. Басқа бір хадисте ардақты Пайғамбар (с.а.с.): «Ит тиген ыдысты жеті рет жуыңдар», – деп, тағы бірінде: «Топырақпен жуыңдар», – деп бұйырады. Ғалымдар иттің сілекейінде микробтың бір түрі болатынын және оны тек топырақ қана жоятынын айтқан. «Ит бар үйге періште кірмейді» деген хадистің бір сыры да – осы.