Қазақша аудармасы
Уруәдан (р.а.) риуаят етіледі: «Алла елшісінен (с.а.с.) истинжә жайында сұралғанда, ол: “Үш тас таба алмайсыңдар ма?” – деп жауап берді1».
- 1Әбу Дәуіт «Таһарат» кітабында (1/21) әзірет Айшадан мәусул түрде риуаят етеді; Тирмизи, «Таһарат», 1/40. Алла елшісі (с.а.с.) дәуірінде Арабияның барлық жерінде су табыла бермейтін. Топырақпен тәяммүм алғаны сияқты, дәрет сындырғаннан кейін таспен және соған ұқсас нәрселермен тазалану әдеті болған. Алла елшісі бұл сөзімен: «Су табылмаса, тас та табылмай ма?» – дегенді меңзеген. Барлық істе болғанындай, мұнда да таухидке, яғни бірлікке ишара етіп, үш тас қолдануды қалаған.