Хадис

Муатта, № 107

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
2. Таһарат (тазалық)
бап
29. Истихаза[^126] болған әйелдің жағдайы
Нөмірі
№ 107 (кітап ішіндегі рет реті)
107
Муатта, 2-кітап, № 107
Қазақша аудармасы

Әбу Бәкір ибн Абдуррахманның азат еткен құлы Сүмәйден риуаят етіледі: «Қағқағ ибн Хәким мен Зәйд ибн Әсләм мені Сағид ибн әл-Мусәйябтан истихаза болған әйелдің үкімін сұрауға жіберді. Сұрағанымда, Сағид: “Етеккір күндері біткен соң ғұсыл алады, келесі етеккір күніне дейін әр намаз уақыты үшін қайтадан дәрет алады1. Егер қан көбейсе, әурет жеріне мата қояды”, – деп жауап берді».

  1. 1Шәйбани, 83. Мұстахаза, яғни ауру салдарынан қан келген әйел үзір иесі саналатындықтан, өзге үзір иелері сияқты әр намаз уақыты үшін дәрет алады.