Қазақша аудармасы
Ардақты Елшінің жұбайы Үммі Сәләмә былай деп баяндайды: «Алла елшісінің (с.а.с.) заманында хайыз қаны тоқтамайтын бір әйел бар еді. Оның жағдайын Алла елшісінен (с.а.с.) сұрағанда, ол: “Бұл ауруға шалдықпай тұрып, ай сайын қанша күн, қанша түн етеккір көрсе, әр айда сонша уақыт намазды тоқтатсын. Сол күндер өткеннен кейін ғұсыл алсын және әурет жеріне мата, яғни мақта сияқты нәрсе қойсын. Содан кейін намазын оқысын”, – деп бұйырды1».
- 1Әбу Дәуіт, «Таһарат», 1/107; Нәсәи, «Хайыз уәл-истихаза», 3/3. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 82. Мұндай әйелдер әр намаз уақыты үшін бір рет дәрет алып, қан келіп тұрса да, намаздарын оқиды.