Қазақша аудармасы
Әбу Һурайрадан риуаят етіледі: «Алла елшісі (с.а.с.): “Саум уисал ұстамаңдар! Саум уисал ұстамаңдар!” – деді. Сахабалар: “Уа, Алланың елшісі! Өзіңіз солай ұстайсыз ғой!” – деп уәж айтқанда, ардақты Пайғамбар: “Мен сендер сияқты емеспін. Раббым мені жегізіп, ішкізген күйде түн өткіземін”, – деп бұйырды».1
- 1Бұхари, «Саум», 30/49; Мүслім, «Сиям», 13/58. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 368. Ханафи мәзһабы бойынша уисал оразасы, яғни екі күн мен арадағы бір түн бойы ішіп-жемей ораза ұстау – мәкруһ.