Қазақша аудармасы
Хумәйд ибн Абдуррахман ибн Ауфтан риуаят етіледі: «Мұғауия ибн Әби Суфян қажылық жасаған жылы Ашура күні мінберге шығып: “Уа, Мәдина халқы! Ғалымдарың қайда? Мен Алла елшісінің (с.а.с.) бүгінгі күн туралы: ‘Бүгін – Ашура күні. Бұл күні ораза ұстау сендерге парыз емес. Бірақ мен оразамын. Қалаған адам ұстасын, қаламаған адам ұстамасын’, – дегенін естідім”, – деді».1
- 1Бұхари, «Саум», 30/69; Мүслім, «Сиям», 13/126. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 374.