Қазақша аудармасы
Имам Мәликтен риуаят етілуінше, әзірет Айша: «Алла елшісі (с.а.с.) ораза кезінде сүйетін», – дегеннен кейін: «Сендердің қайсың нәпсісіне Алла елшісінен (с.а.с.) артық ие бола аласың?» – дейтін.1
Уруа ибн Зүбәйр былай дейді: «Ораза кезінде сүю адамды жақсылыққа жеткізеді деп ойламаймын».
- 1Мәликтің риуаяты осындай. Мәусул түрде де жеткізілген: Бұхари, «Саум», 30/23; Мүслім, «Сиям», 13/65.