Қазақша аудармасы
Әбу Сағид әл-Худри былай деп әңгімелейді: «Біз пітір садақасын бір сағ азық-түліктен, бір сағ арпадан, бір сағ құрмадан, бір сағ құрттан, яғни кептірілген айраннан жасалған ірімшіктен немесе бір сағ мейізден беретінбіз. Бұл сағ Алла елшісі (с.а.с.) белгілеген өлшем еді».1
- 1Бұхари, «Зекет», 24/73; Мүслім, «Зекет», 12/17.