Қазақша аудармасы
Омар ибн Хаттаб былай деп әңгімелейді: «Жақсы бір ат алып, Алла ризалығы үшін біреуге бердім. Әлгі адам атқа дұрыс қарамады. Содан оны қайта сатып алғым келді. Арзанға аламын деп ойладым. Бұл жайды Алла елшісінен (с.а.с.) сұрадым. Ол: “Бір дирхамға берсе де, алма. Өйткені берген садақасынан қайтқан адам құсқанын қайта жеген итке ұқсайды”, – деп бұйырды».1
- 1Бұхари, «Зекет», 24/59; Мүслім, «Һибат», 24/1.