Қазақша аудармасы
Абдуррахман ибн Қасым әкесінен жеткізеді: «Алла елшісінің (с.а.с.) жұбайы әзірет Айша бауырының жетім қыздарын өз үйінде бағып-қақты. Қыздардың сән үшін тағатын зергерлік бұйымдары бар еді. Әзірет Айша олардың зекетін бермейтін».1
- 1Шәйбани, 329. Ханафи мәзһабы бойынша алтын-күміс әшекейлердің зекеті беріледі. Ал жетімдерге зекет міндеттелмейді.