Хадис

Муатта, № 55

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
17. Жаназа
бап
16. Жаназаға қатысты түрлі риуаяттар
Нөмірі
№ 55 (кітап ішіндегі рет реті)
55
Муатта, 17-кітап, № 55
Қазақша аудармасы

Әзірет Айша былай деп баяндайды: «Алла елшісі (с.а.с.) бір түні тұрып, киімдерін киіп, сыртқа шықты. Дереу күңім Бәрираға оның соңынан еруді тапсырдым. Алла елшісі Бақи зиратына дейін барып, сол жерге жақын маңда біраз уақыт тұрғаннан кейін қайтып келді. Бәрира одан бұрын келіп, жағдайды маған хабарлады. Таң атқанға дейін оған ештеңе айтпадым. Кейін болған жайттарды есіне салғанымда, ол: “Бақи зиратында жерленгендерге дұға ету үшін жіберілдім”, – деді1».

  1. 1Нәсәи, «Жәнаиз», 21/103.