Қазақша аудармасы
Сағид ибн Мусәйяб былай деп баяндайды: «Әбу Һурайраның артында әлі мүкәлләф, яғни діни міндеттер жүктелетін жасқа жетпеген баланың жаназа намазын оқып тұрған едім. Әбу Һурайраның: “Уа, Алла! Оны қабір азабынан сақта!” – деп дұға еткенін естідім1».
- 1Әлі мүкәлләф болмаған бұл балаға қабір азабы да болмауға тиіс. Әбу Һурайраның осылай дұға етуі қабір азабының ауырлығын білдіру үшін айтылған.