Хадис

Муатта, № 9

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
16. Құран кәрім
бап
4. Құран кәрімге қатысты өзге риуаяттар
Нөмірі
№ 9 (кітап ішіндегі рет реті)
9
Муатта, 16-кітап, № 9
Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Әсләм әкесінен жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) Худайбия сапарына шыққан кезде Омар ибн Хаттаб та онымен бірге келе жатты. Омар бір мәселе жөнінде сұрады. Пайғамбарымыз жауап бермеді. Кейін Омар (р.а.) қайта сұрады. Тағы да жауап бермеді. Үшінші рет тағы сұрап, бұл жолы да жауап ала алмаған соң, Омар іштей: “Анаң жоқтауыңды айтқыр, Омар! Алла елшісіне (с.а.с.) тура үш рет сұрақ қойдың, ешбірінде саған жауап бермеді”, – деді».

Әрі қарай Әзірет Омар былай баяндайды: «...Содан кейін түйемді айдап, жұрттың алдына озып кеттім. Осы оқиғаға байланысты мені әдепке шақыратын бір аят түсіп қала ма деп қорықтым. Көп ұзамай мені шақырған дауысты естідім. “Қорыққаным басыма келді” деп, дереу Алла елшісінің (с.а.с.) қасына бардым. Сәлем бердім. Алла елшісі (с.а.с.): “Осы түні маған бір сүре түсті. Ол мен үшін күн шуағы түсетін барлық нәрседен, яғни дүниеден де қымбат”, – деп, Фәтх сүресін оқыды1».

  1. 1Бұхари, «Мағази», 64/35.