Қазақша аудармасы
Әбу Сағидтен риуаят етіледі: «Алла елшісінің (с.а.с.) былай деп бұйырғанын естідім: “Араларыңнан сондай бір топ шығады: олардың намаздарының қасында сендер өз намаздарыңды, оразаларының қасында өз оразаларыңды, амалдарының қасында өз амалдарыңды аз көресіңдер. Олар Құран оқиды, бірақ жүректен оқымағандықтан, ол көмейлерінен төмен өтпейді. Жебе аңның денесін қалай тесіп өтсе, олар да діннен дәл солай шығып кетеді. Жебенің темір ұшына қарайсың, қан ізін көрмейсің. Жебенің сабына қарайсың, ештеңе көрмейсің. Жебенің қауырсынына қарайсың, ол жерден де із таппайсың. Сөйтіп, жебенің кіріске ілінетін ойығына қан жұқты ма, жұқпады ма деп күмәнданасың1”».
- 1Бұхари, «Фәдаил әл-Құран», 66/36; Муслим, «Зәкәт», 12/148.