Хадис

Муатта, № 25

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
16. Құран кәрім
бап
7. Алла Тағаланы зікір етудің артықшылығы
Нөмірі
№ 25 (кітап ішіндегі рет реті)
25
Муатта, 16-кітап, № 25
Қазақша аудармасы

Рифаға ибн Рафиғ былай деп баяндайды: «Алла елшісінің (с.а.с.) артында намаз оқып тұрған едік. Алла елшісі (с.а.с.) рукуғтан көтерілгенде: “Сәмиаллаһу лимән хамидаһ”, – деді. Арт жақтан бір адам: “Раббәнә уә ләкәл-хамд, хамдән кәсиран, таййибән, мубаракән фиһ”, яғни “Уа, Раббымыз! Мол әрі риядан таза, берекелі мадақ Саған ғана тән”, – деді. Намаздан кейін Алла елшісі (с.а.с.): “Әлгі сөзді жаңа ғана кім айтты?” – деп сұрады. Әлгі адам: “Мен едім, уа, Расулалла!” – деді. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): “Отыздан астам періштені көрдім, бәрі де мұны бірінші болып жазу үшін жарысып жатты”, – деді1».

  1. 1Бұхари, «Азан», 10/126.