Хадис

Муатта, № 24

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
16. Құран кәрім
бап
7. Алла Тағаланы зікір етудің артықшылығы
Нөмірі
№ 24 (кітап ішіндегі рет реті)
24
Муатта, 16-кітап, № 24
Қазақша аудармасы

Зияд ибн Әби Зиядтан риуаят етіледі: Әбуддәрда: «Сендерге амалдарыңның ең қайырлысын, дәрежелеріңді ең көп көтеретінін, Алла құзырында ең тазасын және сендер үшін алтын-күміс садақа етуден, соғыс майданында дұшпандарыңмен кездесіп, олардың мойнын шабуларыңнан әрі олардың да сендердің мойындарыңды шабуынан қайырлы амалды хабарлайын ба?» – деді. Сахабалар: «Иә», – дегенде, ол: «Алла Тағаланы зікір ету», – деді.

Абдуррахманның әкесі Мұғаз ибн Жәбәл: «Адам баласын Алланың азабынан құтқаруда Алланы зікір етуден артық ешбір амал жоқ», – деді1.

  1. 1Тирмизи, «Даъауат», 45/6. Марфуғ түрінде. Ибн Мәжа, «Әдәб», 33/53.