Қазақша аудармасы
Сағид ибн Мусәйябтан риуаят етіледі: «Алла елшісі (с.а.с.) Мәдинаға һижрет еткеннен кейін шамамен он алты айдай намазды Бәйтүл-Мақдиске, яғни Құдысқа қарап оқыды. Кейін Бәдір соғысынан шамамен екі ай бұрын құбыла Қағбаға ауыстырылды1».
- 1«Әт-Тәмһидте» былай делінген: «Бұл риуаят “Муаттада” мүрсал түрінде берілген. Әл-Бәраның хадисі арқылы мағынасы жағынан мүснад түрінде жеткен». Бұхари, «Салат», 8/31; Муслим, «Мәсәжид», 6/12; Шафиғи, «Рисала», № 366.