Қазақша аудармасы
Абдуллаһ ибн Рафиғ Әбу Һурайрадан намаз уақыттарын сұрады. Сонда ол: «Айтып берейін: бесін намазын көлеңкең бойыңмен бірдей болғанда, екінтіні көлеңкең бойыңнан екі есе ұзарғанда, ақшамды күн батқанда, құптанды ақшам мен түннің үштен бірі аралығында, ал таң намазын қараңғылық әлі сейілмеген кезде оқы», – деді1.
- 1Әбу Ханифаның пікірінше, екінті намазының уақыты көлеңке адамның бойынан екі есе ұзарғанда басталады. Шәйбани, 1.