Абдуллаһ ибн Омардың азат еткен құлы Нәфиғ былай дейді: «Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) уәлилеріне: “Мен үшін сендердің ең маңызды міндеттерің – намаз. Кім оны үзбей, өз уақытында оқыса, дінін сақтаған болады. Ал кім намазына салғырт қараса, басқа міндеттеріне одан бетер салғырт қарайды”, – деп жазды».
Содан кейін тағы былай деп жазды: «Бесін намазын бір нәрсенің көлеңкесі фәй-и зәуәлді1 есептемегенде бір шынтаққа жеткен кезден бастап, көлеңкелерің өз бойларыңмен бірдей болғанға дейін оқыңдар. Екінті намазын күн әлі биікте, жарығы ақ болып тұрған кезде оқыңдар. Намаздан кейін күн батқанға дейін атты адам екі не үш фарсах2 жүріп үлгеретіндей уақыт қалсын. Ақшам намазын күн батқанда оқыңдар. Құптан намазын қызыл шапақ, яғни ақшам шапағы3 жоғалған кезден бастап, түннің үштен біріне дейін оқыңдар4. Құптанды оқымай жатып қалғандардың көзіне ұйқы кірмесін. Құптанды оқымай жатып қалғандардың көзіне ұйқы кірмесін. Құптанды оқымай жатып қалғандардың көзіне ұйқы кірмесін. Таң намазын жұлдыздар әлі батпай, жарқырап тұрған кезде оқыңдар».
- 1Фәй-и зәуәл – күн тас төбеде тұрған кезде әлдебір денеден түсетін ең қысқа көлеңке. Бір шынтақ шамамен 60 сантиметрге тең.
- 2Бір фарсах – үш миль. Бір миль шамамен 1609 метрге тең.
- 3Шапақ, яғни ақшам шапағы немесе ғұруб – күн батқаннан кейін көкжиекте көрінетін қызыл реңк.
- 4Құптан намазын таң ағарғанға, яғни шынайы таң атқанға дейін оқуға болады. Алайда оны ұйқыға жатпай тұрып оқу – сүннет әрі абзал. Сондықтан әзірет Омар құптанды оқымай жатып қалғандарды сөгіп, оларға осылай теріс бата береді.