Қазақша аудармасы
Айша (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) таң намазын оқығаннан кейін, әйелдер жамылғыларына оранып, үйлеріне қайтатын. Ол кезде қараңғылықтан оларды ешкім тани алмайтын1».
- 1Бұхари, «Мәуақитус-салат», 9/37; Муслим, «Мәсәжид», 5/232. Айша анамыз таң намазының ерте оқылғанын айтып отыр. Алла елшісі (с.а.с.) таң намазын көбіне ерте, кейде кешірек оқитын. Имам Шафиғи (Алла оны рақымына алсын) оны ерте оқуды абзал санайды. Ал имам Әбу Ханифа жамағаттың көбеюі үшін айнала сәл ағарғанда оқуды ұсынады. Бұл хадистен Пайғамбар дәуірінде әйелдердің мешітке тұрақты барып тұрғаны аңғарылады.