Қазақша аудармасы
Сағид ибн әл-Мусәйябтан риуаят етіледі: «Алла елшісі (с.а.с.): “Осы өсімдікті, яғни сарымсақты жеген адам мешіттерімізге кіріп, бізді сарымсақ иісімен мазаламасын”, – деп бұйырды». Имам Мәлик Абдуррахманнан риуаят етеді: «Сәлим ибн Абдуллаһ намазда аузын орамалмен жауып тұрған адамды көрсе, сол орамалды жұлқи тартып алып, аузын ашып қоятын1».
- 1Бұл хадис мурсәл түрінде жеткен. Муслим оны «Мәсәжид» кітабында (5/71) муттасыл түрде риуаят еткен.