Қазақша аудармасы
Нәфиғ риуаят етеді: «Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) талып, есінен айырылды. Есін жиғаннан кейін де намазын қаза етіп оқымады». Имам Мәлик былай дейді: «Меніңше, анығын Алла біледі, ол намаз уақытының бәрін ес-түссіз күйде өткізген. Әйтпесе, намаз уақыты шықпай тұрып есін жиған адам міндетті түрде намазын оқуы керек1».
- 1Әбу Ханифаның пікірінше, бір күн немесе одан аз уақыт ес-түссіз жатқан адам сол уақыт аралығында өткізіп алған намаздарын қаза етіп өтейді. Ал одан ұзақ уақыт ес-түссіз жатса, өткізіп алған намаздарын өтемейді. Бажи, «Мүнтәқа», 1-том, 24-бет.