Хадис

Муатта, № 20

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
1. Намаз уақыттары
бап
4. «Күннің аууы және түннің қараңғылығы» деген аят тіркестерінің тәпсірі[^21]
Нөмірі
№ 20 (кітап ішіндегі рет реті)
20
Муатта, 1-кітап, № 20
Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «“Күннің аууы” дегеніміз – көлеңкенің батыстан оңтүстікке қарай бұрылуы. Ал “түннің қараңғылығы” – түннің басталып, айналаны қараңғылықтың толық басуы1».

  1. 1Абдуллаһ (р.а.) бұл сөзінде «Исра» сүресінің 78-аятын меңзеп отыр. Бұл аятта бес уақыт намаз ишарамен білдірілген: күннің аууы бесін мен екінті намаздарына, қараңғылықтың басуы ақшам мен құптан намаздарына, ал «Құран әл-фәжр» таң намазына ишара етеді.