Хадис

Сахих Мүслим, № 2167

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
68. Тәпсір кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
42. Алла Тағаланың ﴿Сол күні тозақтан: «Толдың ба?!» – деп сұраймыз. Ол болса: «Тағы да бар ма?» – деп қомағайлана жауап қатады.﴾ деген сөзі туралыبَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿يَوْمَ نَقُولُ لِجَهَنَّمَ هَلِ اِمْتَلَأْتِ وَتَقُولُ هَلْ مِنْ مَزِيدٍ﴾
Нөмірі
№ 2167 (Мухтасар реті)
2167
Мүслим, № 2167

عَنْ عَبْدِ الْوَهَّابِ بْنِ عَطَاءٍ فِي قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿يَوْمَ نَقُولُ لِجَهَنَّمَ هَلِ اِمْتَلَأْتِ وَتَقُولُ هَلْ مِنْ مَزِيدٍ﴾، قَالَ: فَأَخْبَرَنَا عَنْ سَعِيدٍ، عَنْ قَتَادَةَ، عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «لَا تَزَالُ جَهَنَّمُ يُلْقَى فِيهَا وَتَقُولُ: “هَلْ مِنْ مَزِيدٍ؟” حَتَّى يَضَعَ رَبُّ الْعِزَّةِ فِيهَا قَدَمَهُ، فَيَنْزَوِي بَعْضُهَا إِلَى بَعْضٍ، وَتَقُولُ: “قَطْ قَطْ بِعِزَّتِكَ وَكَرَمِكَ”. وَلَا يَزَالُ فِي الْجَنَّةِ فَضْلٌ حَتَّى يُنْشِئَ اللَّهُ لَهَا خَلْقًا، فَيُسْكِنَهُمْ فَضْلَ الْجَنَّةِ».

Қазақша аудармасы

Абдулуаһһаб ибн Ата Ұлы әрі аса мәртебелі Алланың ﴿Сол күні тозақтан: «Толдың ба?!» – деп сұраймыз. Ол болса: «Тағы да бар ма?» – деп қомағайлана жауап қатады.﴾ («Қаф», 30) деген сөзі жайында бізге Сағидтан, ол Қатададан, ал ол Әнәс ибн Мәликтен Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Жәһаннамға адамдар тастала береді, ал ол: “Тағы да бар ма?” – дей береді. Ақырында Аса Үстем Раббы оның ішіне Аяғын қойған кезде, оның бір бөлігі екінші бөлігіне қарай жиырылып: “Жетер, жетер! Сенің үстемдігің мен жомарттығыңа ант етемін!” – дейді. Ал Жәннатта Алла жаңа жаратылыстар жаратып, оларды оның бос орындарына орналастырғанға дейін бос орын қала береді» (2848/38).