عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّهُ قَالَ: لَمَّا نَزَلَتْ هَذِهِ الْآيَةُ: ﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَرْفَعُوا أَصْوَاتَكُمْ فَوْقَ صَوْتِ النَّبِيِّ﴾ [الْحُجُرَاتِ: 2] إِلَى آخِرِ الْآيَةِ، جَلَسَ ثَابِتُ بْنُ قَيْسٍ فِي بَيْتِهِ، وَقَالَ: «أَنَا مِنْ أَهْلِ النَّارِ»، وَاحْتَبَسَ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، فَسَأَلَ النَّبِيُّ ﷺ سَعْدَ بْنَ مُعَاذٍ، فَقَالَ: «يَا أَبَا عَمْرٍو، مَا شَأْنُ ثَابِتٍ؟ اِشْتَكَى؟» قَالَ سَعْدٌ: «إِنَّهُ لَجَارِي، وَمَا عَلِمْتُ لَهُ بِشَكْوَى». قَالَ: فَأَتَاهُ سَعْدٌ، فَذَكَرَ لَهُ قَوْلَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ ثَابِتٌ: «أُنْزِلَتْ هَذِهِ الْآيَةُ، وَلَقَدْ عَلِمْتُمْ أَنِّي مِنْ أَرْفَعِكُمْ صَوْتًا عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَأَنَا مِنْ أَهْلِ النَّارِ»، فَذَكَرَ ذَلِكَ سَعْدٌ لِلنَّبِيِّ ﷺ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «بَلْ هُوَ مِنْ أَهْلِ الْجَنَّةِ».
Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Мына аят түскен кезде: “Уа, иман келтіргендер! Дауыстарыңды пайғамбардың дауысынан қатты шығармаңдар, әрі оған тіл қатқанда, бір-біріңе дауласып сөйлегендей дауыстап сөйлемеңдер! Әйтпесе, істеген игі істеріңнің зая кеткенін сезбей қаласыңдар.” (“Хужурат”, 2), Сәбит ибн Қайс үйінде отырып: “Мен Тозақ иелерінің бірімін”, – деді де, Пайғамбардың (с.а.с.) алдына бармай қойды. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) Сағд ибн Мұғаздан: “Уа, Әбу Амр! Сәбитке не болды? Ауырып қалды ма?” – деп сұрады. Сағд: “Ол менің көршім, бірақ оның ауырғанын білмеймін”, – деді. Содан кейін Сағд оған барып, Алла Елшісінің (с.а.с.) сөзін жеткізді. Сонда Сәбит: “Осы аят түсті. Сендер менің Алла Елшісінің (с.а.с.) алдында даусы ең қатты шығатындардың бірі екенімді білесіңдер. Демек, мен Тозақ иелерінің бірімін”, – деді. Сағд оның сөзін Пайғамбарға (с.а.с.) жеткізгенде, Алла Елшісі (с.а.с.): “Жоқ, ол – Жәннат иелерінің бірі”, – деді» (119/187).