عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: اِجْتَمَعَ عِنْدَ الْبَيْتِ ثَلَاثَةُ نَفَرٍ، قُرَشِيَّانِ وَثَقَفِيٌّ، أَوْ ثَقَفِيَّانِ وَقُرَشِيٌّ، قَلِيلٌ فِقْهُ قُلُوبِهِمْ، كَثِيرٌ شَحْمُ بُطُونِهِمْ، فَقَالَ أَحَدُهُمْ: «أَتُرَوْنَ اللَّهَ يَسْمَعُ مَا نَقُولُ؟» وَقَالَ الْآخَرُ: «يَسْمَعُ إِنْ جَهَرْنَا، وَلَا يَسْمَعُ إِنْ أَخْفَيْنَا». وَقَالَ الْآخَرُ: «إِنْ كَانَ يَسْمَعُ إِذَا جَهَرْنَا، فَهُوَ يَسْمَعُ إِذَا أَخْفَيْنَا»، فَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَمَا كُنْتُمْ تَسْتَتِرُونَ أَنْ يَشْهَدَ عَلَيْكُمْ سَمْعُكُمْ وَلَا أَبْصَارُكُمْ وَلَا جُلُودُكُمْ﴾ [فُصِّلَتْ: 22] الْآيَةَ.
Ибн Масғуд (р.а.) былай деді: «Кәғбаның жанында үш кісі жиналды: олардың екеуі құрайыштық, біреуі сақифтік еді немесе екеуі сақифтік, біреуі құрайыштық еді. Жүректеріндегі түсінігі аз, қарындарындағы майы көп болатын. Біреуі: “Алла біздің не айтып отырғанымызды естиді деп ойлайсыңдар ма?” – деді. Екіншісі: “Дауыстап айтсақ, естиді, ал жасырын айтсақ, естімейді”, – деді. Үшіншісі: “Егер дауыстап айтқанымызды еститін болса, жасырын айтқанымызды да естиді”, – деді. Сонда Ұлы әрі аса мәртебелі Алла: “Сендер өз құлақтарыңның, көздеріңнің һәм терілеріңнің өздеріңе қарсы куәлікке жүретініне сенбейтін едіңдер, сондықтан күнәларыңды олардан жасырмайтын едіңдер” (“Фуссилат”, 22) деген аятты түсірді» (2775/5).