Хадис

Сахих Мүслим, № 2161

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
68. Тәпсір кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
37. Алла Тағаланың «Олар Алланы лайықты түрде танып, бағалай алмады.» деген сөзі туралыبَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَمَا قَدَرُوا اللَّهَ حَقَّ قَدْرِهِ﴾
Нөмірі
№ 2161 (Мухтасар реті)
2161
Мүслим, № 2161Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: جَاءَ حَبْرٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ فَقَالَ: «يَا مُحَمَّدُ» (أَوْ «يَا أَبَا الْقَاسِمِ»)، «إِنَّ اللَّهَ يُمْسِكُ السَّمَاوَاتِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ عَلَى إِصْبَعٍ، وَالْأَرَضِينَ عَلَى إِصْبَعٍ، وَالْجِبَالَ وَالشَّجَرَ عَلَى إِصْبَعٍ، وَالْمَاءَ وَالثَّرَى عَلَى إِصْبَعٍ، وَسَائِرَ الْخَلْقِ عَلَى إِصْبَعٍ، ثُمَّ يَهُزُّهُنَّ فَيَقُولُ: “أَنَا الْمَلِكُ، أَنَا الْمَلِكُ”». فَضَحِكَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ تَعَجُّبًا مِمَّا قَالَ الْحَبْرُ، تَصْدِيقًا لَهُ، ثُمَّ قَرَأَ: ﴿وَمَا قَدَرُوا اللَّهَ حَقَّ قَدْرِهِ وَالْأَرْضُ جَمِيعًا قَبْضَتُهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ وَالسَّمَاوَاتُ مَطْوِيَّاتٌ بِيَمِينِهِ سُبْحَانَهُ وَتَعَالَى عَمَّا يُشْرِكُونَ﴾.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғуд (р.а.) былай деді: «Пайғамбарға (с.а.с.) яһуди ғалымдарының бірі келді. Ол: “Уа, Мұхаммед!” – немесе: “Уа, Әбул-Қасым!” – деп сөз бастап: “Алла Қиямет күні көктерді бір саусағында, жерлерді бір саусағында, таулар мен ағаштарды бір саусағында, су мен топырақты бір саусағында, ал қалған жаратылыстарды бір саусағында ұстайды. Содан кейін оларды сілкіп: ‘Патша – Менмін! Патша – Менмін!’ – дейді”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) әлгі ғалымның сөзін растаған күйі, оның айтқанына таңырқап күлді. Содан кейін мына аятты оқыды: “Олар Алланы лайықты түрде танып, бағалай алмады. Қиямет күні жер түгелдей Оның құдіретті уысында, ал жеті қат аспан Оның шексіз құдіретімен шиыршықталып бүктелген күйде иелігінде болады. Алла – мінсіз, олардың Өзіне серік етіп қосқан жалған құдайларынан ұлы һәм асқақ!” (“Зүмәр”, 67)» (2786/19).