Хадис

Сахих Мүслим, № 1944

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
61. Екіжүзділер кітабыكِتَابُ الْمُنَافِقِينَ
бап
7. Қиямет күні екіжүздінің азабының ауыр болуы туралыبَابٌ: شِدَّةُ عَذَابِ الْمُنَافِقِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ
Нөмірі
№ 1944 (Мухтасар реті)
1944
Мүслим, № 1944

عَنْ سَلَمَةَ بْنِ الْأَكْوَعِ، قَالَ: عُدْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ رَجُلًا مَوْعُوكًا، قَالَ: فَوَضَعْتُ يَدِي عَلَيْهِ، فَقُلْتُ: «وَاللَّهِ، مَا رَأَيْتُ كَالْيَوْمِ رَجُلًا أَشَدَّ حَرًّا!» فَقَالَ نَبِيُّ اللَّهِ ﷺ: «أَلَا أُخْبِرُكُمْ بِأَشَدَّ حَرًّا مِنْهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ؟ هَذَيْنِكَ الرَّجُلَيْنِ الرَّاكِبَيْنِ الْمُقَفِّيَيْنِ» (لِرَجُلَيْنِ حِينَئِذٍ مِنْ أَصْحَابِهِ).

Қазақша аудармасы

Сәләмә ибн әл-Акуағ былай деді: «Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге қызуы көтеріліп ауырған бір адамның көңілін сұрай бардық. Мен қолымды оның денесіне қойып: “Алланың атымен ант етейін, дәл бүгінгідей денесі қатты ысып тұрған адамды бұрын-соңды көрмеппін”, – дедім. Сонда Алланың Пайғамбары (с.а.с.): “Қиямет күні одан да қатты ыстыққа душар болатындарды айтайын ба? Олар – анау көліктеріне мініп, теріс бұрылып кетіп бара жатқан екі адам”, – деді». Ол сол кезде қасындағы серіктерінің арасындағы екі кісіні меңзеген еді (2783/16).