Хадис
كِتَابُ الْمُنَافِقِينَ

Екіжүзділер кітабы

Сахих Мүслим, 61-кітап · 8 хадис · № 1938–1945

Мазмұны: 8 бап
  1. 1Алла Тағаланың «Мұнафықтар алдыңа келгенде» деген сөзінен «жан-жаққа босып кетсін» деген сөзіне дейінгі аяттар туралы
  2. 2Екіжүзділердің Пайғамбардың (с.а.с.) өздері үшін кешірім сұрауынан бас тартуы туралы
  3. 3Екіжүзділер және олардың белгілері туралы
  4. 4Ақаба түні болған екіжүзділер және олардың саны туралы
  5. 5Екіжүзді адам екі отардың арасында сенделіп жүрген қойға ұқсайды
  6. 6Екіжүздінің өліміне байланысты қатты желдің жіберілуі туралы
  7. 7Қиямет күні екіжүздінің азабының ауыр болуы туралы
  8. 8Жердің діннен шыққан екіжүздіні сыртқа шығарып тастауы және оның сол күйінде қалдырылуы туралы
بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿إِذَا جَاءَكَ الْمُنَافِقُونَ﴾ إِلَى قَوْلِهِ: ﴿حَتَّى يَنْفَضُّوا﴾

1-бапАлла Тағаланың «Мұнафықтар алдыңа келгенде» деген сөзінен «жан-жаққа босып кетсін» деген сөзіне дейінгі аяттар туралы

1938
Мүслим, № 1938Риуаят етуші: Зәйд ибн Арқам

عَنْ زَيْدِ بْنِ أَرْقَمَ، قَالَ: خَرَجْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي سَفَرٍ أَصَابَ النَّاسَ فِيهِ شِدَّةٌ، فَقَالَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ أُبَيٍّ لِأَصْحَابِهِ: «لَا تُنْفِقُوا عَلَى مَنْ عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ حَتَّى يَنْفَضُّوا مِنْ حَوْلِهِ». قَالَ زُهَيْرٌ: وَهِيَ فِي قِرَاءَةِ عَبْدِ اللَّهِ. وَقَالَ: ﴿لَئِنْ رَجَعْنَا إِلَى الْمَدِينَةِ لَيُخْرِجَنَّ الْأَعَزُّ مِنْهَا الْأَذَلَّ﴾ [الْمُنَافِقُونَ: ٨]. قَالَ: فَأَتَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ، فَأَخْبَرْتُهُ بِذَلِكَ فَأَرْسَلَ إِلَى عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أُبَيٍّ فَسَأَلَهُ فَاجْتَهَدَ يَمِينَهُ مَا فَعَلَ، فَقَالَ: «كَذَبَ زَيْدٌ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ». قَالَ: فَوَقَعَ فِي نَفْسِي مِمَّا قَالُوهُ شِدَّةٌ حَتَّى أَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ تَصْدِيقِي: ﴿إِذَا جَاءَكَ الْمُنَافِقُونَ﴾ [الْمُنَافِقُونَ: ١]. قَالَ: ثُمَّ دَعَاهُمُ النَّبِيُّ ﷺ لِيَسْتَغْفِرَ لَهُمْ، قَالَ: فَلَوَّوْا رُءُوسَهُمْ، وَقَوْلُهُ: ﴿كَأَنَّهُمْ خُشُبٌ مُسَنَّدَةٌ﴾ [الْمُنَافِقُونَ: ٤]، وَقَالَ: كَانُوا رِجَالًا أَجْمَلَ شَيْءٍ.

Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Арқам былай деді: «Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге сапарға шықтық. Бұл сапарда адамдар қатты қиындыққа тап болды». Сонда Абдулла ибн Убәй серіктеріне: «Расулалланың маңайындағы кедей-кепшіктерге қайыр-садақа бермеңдер, жан-жаққа босып кетсін» («Мунафиқун», 7), – деді. Зуһайр: «Бұл Абдулланың қырағатында бар», – деді. Сондай-ақ Абдулла ибн Убәй: «Күмәндарың болмасын, осыдан Мәдинаға оралатын болсақ, ұлықтар ол жерден бейшараларды міндетті түрде қуып шығады» («Мунафиқун», 8), – деді. Зәйд былай деді: «Мен Пайғамбарға (с.а.с.) барып, мұны хабарладым. Ол (с.а.с.) Абдулла ибн Убәйге адам жіберіп, одан бұл жайында сұрады. Абдулла мұны істемегеніне жанын сала ант берді. Сонда ол: “Зәйд Алла Елшісіне (с.а.с.) өтірік айтты”, – деді. Осы сөздер жаныма қатты батты. Ақыры Ұлы әрі аса мәртебелі Алла менің сөзімді растап: “Мұнафықтар алдыңа келгенде...” (“Мунафиқун”, 1), – деген аятты түсірді». Зәйд: «Содан кейін Пайғамбар (с.а.с.) олар үшін кешірім тілеу мақсатымен оларды қасына шақырды. Алайда олар бастарын бұрып әкетті. Ал Алланың: “Шынында, олар құдды дуалға сүйеулі бөренелер секілді.” (“Мунафиқун”, 4) деген сөзіне келсек, олар сыртқы көрінісі аса көрікті адамдар еді», – деді (2772/1).

بَابٌ: فِي إِعْرَاضِ الْمُنَافِقِينَ عَنْ اسْتِغْفَارِ النَّبِيِّ ﷺ

2-бапЕкіжүзділердің Пайғамбардың (с.а.с.) өздері үшін кешірім сұрауынан бас тартуы туралы

1939
Мүслим, № 1939Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ يَصْعَدِ الثَّنِيَّةَ، ثَنِيَّةَ الْمُرَارِ، فَإِنَّهُ يُحَطُّ عَنْهُ مَا حُطَّ عَنْ بَنِي إِسْرَائِيلَ». قَالَ: فَكَانَ أَوَّلَ مَنْ صَعِدَهَا خَيْلُنَا (خَيْلُ بَنِي الْخَزْرَجِ)، ثُمَّ تَتَامَّ النَّاسُ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَكُلُّكُمْ مَغْفُورٌ لَهُ، إِلَّا صَاحِبَ الْجَمَلِ الْأَحْمَرِ». فَأَتَيْنَاهُ فَقُلْنَا لَهُ: «تَعَالَ، يَسْتَغْفِرْ لَكَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ». فَقَالَ: «وَاللَّهِ، لَأَنْ أَجِدَ ضَالَّتِي أَحَبُّ إِلَيَّ مِنْ أَنْ يَسْتَغْفِرَ لِي صَاحِبُكُمْ». قَالَ: وَكَانَ الرَّجُلُ يَنْشُدُ ضَالَّةً لَهُ.

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Кім Мурар асуына көтерілсе, Исраил ұрпақтарының күнәлары кешірілгендей, оның да күнәлары кешіріледі”, – деді. Оған бірінші болып біздің атты жасағымыз – Бәну Хазраждың атты әскері көтерілді. Содан кейін қалған адамдар да бірінен соң бірі түгел көтерілді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Қызыл түйенің иесінен басқа барлығыңның күнәларың кешірілді”, – деді. Біз әлгі адамның қасына барып: “Жүр, Алла Елшісі (с.а.с.) сен үшін кешірім тілесін”, – дедік. Ол: “Алланың атымен ант етейін, жоғалтқан затымды тауып алғаным сендердің серіктеріңнің мен үшін кешірім тілегенінен де артық”, – деді». Ол жоғалтқан нәрсесін іздеп жүрген еді (2780/12).

بَابٌ: فِي ذِكْرِ الْمُنَافِقِينَ وَعَلَامَتِهِمْ

3-бапЕкіжүзділер және олардың белгілері туралы

1940
Мүслим, № 1940

عَنْ قَيْسِ بْنِ عُبَادٍ، قَالَ: قُلْتُ لِعَمَّارٍ: «أَرَأَيْتَ قِتَالَكُمْ، أَرَأْيًا رَأَيْتُمُوهُ؟ فَإِنَّ الرَّأْيَ يُخْطِئُ وَيُصِيبُ، أَوْ عَهْدًا عَهِدَهُ إِلَيْكُمْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ؟» فَقَالَ: «مَا عَهِدَ إِلَيْنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ شَيْئًا لَمْ يَعْهَدْهُ إِلَى النَّاسِ كَافَّةً». وَقَالَ: «إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: “إِنَّ فِي أُمَّتِي…”». (قَالَ شُعْبَةُ: وَأَحْسِبُهُ قَالَ: «حَدَّثَنِي حُذَيْفَةُ»). وَقَالَ غُنْدَرٌ: أُرَاهُ قَالَ: «فِي أُمَّتِي اثْنَا عَشَرَ مُنَافِقًا لَا يَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ، وَلَا يَجِدُونَ رِيحَهَا، حَتَّى يَلِجَ الْجَمَلُ فِي سَمِّ الْخِيَاطِ. ثَمَانِيَةٌ مِنْهُمْ تَكْفِيكَهُمُ الدُّبَيْلَةُ، سِرَاجٌ مِنَ النَّارِ يَظْهَرُ فِي أَكْتَافِهِمْ، حَتَّى يَنْجُمَ مِنْ صُدُورِهِمْ».

Қазақша аудармасы

Қайс ибн Убад былай деді: «Мен Аммардан: “Сендердің соғысуларың жайында не айтасың? Бұл өздерің шығарған пікір ме? Пікір кейде қате, кейде дұрыс болуы мүмкін. Әлде Алла Елшісі (с.а.с.) сендерге арнайы тапсырған нәрсе ме?” – деп сұрадым. Ол: “Алла Елшісі (с.а.с.) барлық адамға тапсырмаған ешбір нәрсені бізге арнайы тапсырған жоқ”, – деді. Содан кейін: “Алла Елшісі (с.а.с.): ‘Расында, менің үмбетімде...’ – деді”, – деп жалғастырды». Шуғба: «Меніңше, ол: “Маған Хузайфа баяндады”, – деген», – деді. Ал Ғундар: «Меніңше, ол: “Менің үмбетімде он екі мұнафық бар. Олар түйе иненің көзінен өткенге дейін Жәннатқа кірмейді әрі оның хош иісін де сезбейді. Олардың сегізін дубәйлә дерті-ақ құртады. Ол – иықтарында пайда болып, кеуделерінен жарып шығатын отты шырақ”, – деді», – деп жеткізді (2779/10).

بَابٌ: فِي الْمُنَافِقِينَ لَيْلَةَ الْعَقَبَةِ وَعَدَدِهِمْ

4-бапАқаба түні болған екіжүзділер және олардың саны туралы

1941
Мүслим, № 1941Риуаят етуші: Әбу әт-Туфайл

عَنْ أَبِي الطُّفَيْلِ، قَالَ: كَانَ بَيْنَ رَجُلٍ مِنْ أَهْلِ الْعَقَبَةِ وَبَيْنَ حُذَيْفَةَ بَعْضُ مَا يَكُونُ بَيْنَ النَّاسِ، فَقَالَ: «أَنْشُدُكَ بِاللَّهِ، كَمْ كَانَ أَصْحَابُ الْعَقَبَةِ؟» قَالَ: فَقَالَ لَهُ الْقَوْمُ: «أَخْبِرْهُ إِذْ سَأَلَكَ». قَالَ: «كُنَّا نُخْبَرُ أَنَّهُمْ أَرْبَعَةَ عَشَرَ، فَإِنْ كُنْتَ مِنْهُمْ فَقَدْ كَانَ الْقَوْمُ خَمْسَةَ عَشَرَ، وَأَشْهَدُ بِاللَّهِ أَنَّ اثْنَيْ عَشَرَ مِنْهُمْ حَرْبٌ لِلَّهِ وَلِرَسُولِهِ فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَيَوْمَ يَقُومُ الْأَشْهَادُ، وَعَذَرَ ثَلَاثَةً، قَالُوا: “مَا سَمِعْنَا مُنَادِيَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَلَا عَلِمْنَا بِمَا أَرَادَ الْقَوْمُ”. وَقَدْ كَانَ فِي حَرَّةٍ فَمَشَى فَقَالَ: “إِنَّ الْمَاءَ قَلِيلٌ، فَلَا يَسْبِقْنِي إِلَيْهِ أَحَدٌ” فَوَجَدَ قَوْمًا قَدْ سَبَقُوهُ، فَلَعَنَهُمْ يَوْمَئِذٍ».

Қазақша аудармасы

Әбу Туфайл былай деді: «Ақаба оқиғасына қатысқандардың бірі мен Хузайфаның арасында әдетте адамдар арасында болып тұратын бір келіспеушілік шықты. Әлгі адам Хузайфаға: “Алланың атымен сұраймын, Ақаба оқиғасына қатысқандар қанша адам еді?” – деді. Айналасындағылар Хузайфаға: “Сұрап тұр ғой, жауабын айт”, – деді. Сонда Хузайфа: “Бізге олардың он төрт адам болғаны айтылатын. Егер сен де солардың бірі болсаң, онда олардың жалпы саны он бес болған. Алланы куә етіп айтамын, солардың он екісі осы дүниеде де, куәлар тұратын Қиямет күні де Алла мен Оның Елшісіне дұшпан. Ал үшеуінің үзірі қабыл алынды. Олар: ‘Біз Алла Елшісінің (с.а.с.) жаршысын естімедік әрі әлгі адамдардың не істемек болғанын да білмедік’, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) қара тасты алқаппен келе жатып: ‘Су аз, сондықтан суатқа менен бұрын ешкім бармасын’, – деді. Алайда суат басына өзінен бұрын жеткен бір топ адамды көріп, сол күні оларға лағынет айтты”, – деді» (2779/11).

بَابٌ: مَثَلُ الْمُنَافِقِ كَالشَّاةِ الْعَائِرَةِ بَيْنَ الْغَنَمَيْنِ

5-бапЕкіжүзді адам екі отардың арасында сенделіп жүрген қойға ұқсайды

1942
Мүслим, № 1942Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَثَلُ الْمُنَافِقِ مَثَلُ الشَّاةِ الْعَائِرَةِ بَيْنَ الْغَنَمَيْنِ، تَعِيرُ إِلَى هَذِهِ مَرَّةً وَإِلَى هَذِهِ مَرَّةً».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (Алла екеуіне де разы болсын) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Мұнафық екі отардың арасында сенделіп жүрген қойға ұқсайды: бірде мына отарға, бірде ана отарға қарай ауып жүреді» (2784/17).

بَابٌ: بَعْثُ الرِّيحِ الشَّدِيدَةِ لِمَوْتِ الْمُنَافِقِ

6-бапЕкіжүздінің өліміне байланысты қатты желдің жіберілуі туралы

1943
Мүслим, № 1943Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرٍ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَدِمَ مِنْ سَفَرٍ، فَلَمَّا كَانَ قُرْبَ الْمَدِينَةِ هَاجَتْ رِيحٌ شَدِيدَةٌ تَكَادُ أَنْ تَدْفِنَ الرَّاكِبَ؛ فَزَعَمَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «بُعِثَتْ هَذِهِ الرِّيحُ لِمَوْتِ مُنَافِقٍ». فَلَمَّا قَدِمَ الْمَدِينَةَ، فَإِذَا مُنَافِقٌ عَظِيمٌ مِنَ الْمُنَافِقِينَ قَدْ مَاتَ.

Қазақша аудармасы

Жәбирдің айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) бір сапардан қайтып келе жатқан еді. Мәдинаға жақындаған кезде, мініс үстіндегі адамды көміп тастардай қатты жел көтерілді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Бұл жел бір мұнафықтың өліміне байланысты жіберілді», – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) Мәдинаға келгенде, мұнафықтардың үлкендерінің бірі қайтыс болған екен (2782/15).

بَابٌ: شِدَّةُ عَذَابِ الْمُنَافِقِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ

7-бапҚиямет күні екіжүздінің азабының ауыр болуы туралы

1944
Мүслим, № 1944

عَنْ سَلَمَةَ بْنِ الْأَكْوَعِ، قَالَ: عُدْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ رَجُلًا مَوْعُوكًا، قَالَ: فَوَضَعْتُ يَدِي عَلَيْهِ، فَقُلْتُ: «وَاللَّهِ، مَا رَأَيْتُ كَالْيَوْمِ رَجُلًا أَشَدَّ حَرًّا!» فَقَالَ نَبِيُّ اللَّهِ ﷺ: «أَلَا أُخْبِرُكُمْ بِأَشَدَّ حَرًّا مِنْهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ؟ هَذَيْنِكَ الرَّجُلَيْنِ الرَّاكِبَيْنِ الْمُقَفِّيَيْنِ» (لِرَجُلَيْنِ حِينَئِذٍ مِنْ أَصْحَابِهِ).

Қазақша аудармасы

Сәләмә ибн әл-Акуағ былай деді: «Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге қызуы көтеріліп ауырған бір адамның көңілін сұрай бардық. Мен қолымды оның денесіне қойып: “Алланың атымен ант етейін, дәл бүгінгідей денесі қатты ысып тұрған адамды бұрын-соңды көрмеппін”, – дедім. Сонда Алланың Пайғамбары (с.а.с.): “Қиямет күні одан да қатты ыстыққа душар болатындарды айтайын ба? Олар – анау көліктеріне мініп, теріс бұрылып кетіп бара жатқан екі адам”, – деді». Ол сол кезде қасындағы серіктерінің арасындағы екі кісіні меңзеген еді (2783/16).

بَابٌ: فِي نَبْذِ الْأَرْضِ الْمُنَافِقَ الْمُرْتَدَّ وَتَرْكِهِ مَنْبُوذًا

8-бапЖердің діннен шыққан екіжүздіні сыртқа шығарып тастауы және оның сол күйінде қалдырылуы туралы

1945
Мүслим, № 1945Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ، قَالَ: كَانَ مِنَّا رَجُلٌ مِنْ بَنِي النَّجَّارِ قَدْ قَرَأَ الْبَقَرَةَ وَآلَ عِمْرَانَ وَكَانَ يَكْتُبُ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَانْطَلَقَ هَارِبًا حَتَّى لَحِقَ بِأَهْلِ الْكِتَابِ، قَالَ: فَرَفَعُوهُ، قَالُوا: «هَذَا قَدْ كَانَ يَكْتُبُ لِمُحَمَّدٍ»، فَأُعْجِبُوا بِهِ، فَمَا لَبِثَ أَنْ قَصَمَ اللَّهُ عُنُقَهُ فِيهِمْ، فَحَفَرُوا لَهُ فَوَارَوْهُ، فَأَصْبَحَتِ الْأَرْضُ قَدْ نَبَذَتْهُ عَلَى وَجْهِهَا، ثُمَّ عَادُوا فَحَفَرُوا لَهُ، فَوَارَوْهُ فَأَصْبَحَتِ الْأَرْضُ قَدْ نَبَذَتْهُ عَلَى وَجْهِهَا، ثُمَّ عَادُوا فَحَفَرُوا لَهُ، فَوَارَوْهُ فَأَصْبَحَتِ الْأَرْضُ قَدْ نَبَذَتْهُ عَلَى وَجْهِهَا، فَتَرَكُوهُ مَنْبُوذًا.

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик былай деді: «Арамызда Бәну Нәжжар руынан шыққан бір адам бар еді. Ол “Бақара” мен “Әли Имран” сүрелерін оқыған әрі Алла Елшісіне (с.а.с.) жазу жазатын. Кейін ол қашып кетіп, Кітап иелеріне қосылды. Олар оның мәртебесін көтеріп: “Бұл – Мұхаммедке жазу жазған адам”, – десті әрі оған тәнті болды. Арада көп өтпей, Алла оны солардың арасында опат қылды. Олар оған қабір қазып, жерледі. Алайда таң атқанда, жер оны қайтадан жер бетіне шығарып тастаған еді. Олар тағы да қабір қазып, оны жерледі. Таң атқанда, жер оны тағы да жер бетіне шығарып тастады. Олар үшінші рет қабір қазып, оны жерледі. Бірақ таң атқанда, жер оны тағы да жер бетіне шығарып тастаған еді. Ақыры олар оны жер бетінде жатқан күйінде қалдырды» (2781/14).