عَنْ عَائِشَةَ، أَنَّهَا كَانَتْ تَقُولُ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «سَدِّدُوا وَقَارِبُوا، وَأَبْشِرُوا، فَإِنَّهُ لَنْ يُدْخِلَ الْجَنَّةَ أَحَدًا عَمَلُهُ». قَالُوا: «وَلَا أَنْتَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «وَلَا أَنَا، إِلَّا أَنْ يَتَغَمَّدَنِيَ اللَّهُ مِنْهُ بِرَحْمَةٍ، وَاعْلَمُوا أَنَّ أَحَبَّ الْعَمَلِ إِلَى اللَّهِ أَدْوَمُهُ وَإِنْ قَلَّ».
Айша былай дейтін: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Туралықты ұстаныңдар, соған барынша жақындаңдар әрі сүйініңдер! Өйткені ешкімді жасаған амалы Жәннатқа кіргізбейді”, – деді. Олар: “Уа, Расулалла! Сізді де кіргізбей ме?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Мені де. Тек Алла мені Өз рақымына бөлегенде ғана Жәннатқа кіремін. Біліп қойыңдар: Аллаға ең сүйікті амал – аз болса да, үнемі жалғасып тұратын амал”, – деді» (2818/78).