Хадис

Сахих Мүслим, № 1926

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
60. Тәубе, оның қабыл болуы, Алланың рақымының кеңдігі және басқа мәселелер кітабыكِتَابُ التَّوْبَةِ وَقَبُولِهَا وَسَعَةِ رَحْمَةِ اللَّهِ وَغَيْرِ ذَلِكَ
бап
10. Алланың Өз құлдарына деген мейірімі ананың баласына деген мейірімінен де артықبَابٌ: اللَّهُ أَرْحَمُ بِعِبَادِهِ مِنَ الْوَالِدَةِ بِوَلَدِهَا
Нөмірі
№ 1926 (Мухтасар реті)
1926
Мүслим, № 1926Риуаят етуші: Омар

عَنْ عُمَرَ بْنِ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّهُ قَالَ: قُدِمَ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ بِسَبْيٍ فَإِذَا امْرَأَةٌ مِنَ السَّبْيِ تَبْتَغِي، إِذَا وَجَدَتْ صَبِيًّا فِي السَّبْيِ، أَخَذَتْهُ فَأَلْصَقَتْهُ بِبَطْنِهَا وَأَرْضَعَتْهُ، فَقَالَ لَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَتَرَوْنَ هَذِهِ الْمَرْأَةَ طَارِحَةً وَلَدَهَا فِي النَّارِ؟» قُلْنَا: «لَا، وَاللَّهِ، وَهِيَ تَقْدِرُ عَلَى أَنْ لَا تَطْرَحَهُ». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَلَّهُ أَرْحَمُ بِعِبَادِهِ مِنْ هَذِهِ بِوَلَدِهَا».

Қазақша аудармасы

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) былай деді: «Алла Елшісіне (с.а.с.) тұтқындар әкелінді. Тұтқындардың арасында баласын іздеп жүрген бір әйел бар еді. Ол тұтқындардың арасынан бір сәбиді көрген бойда көтеріп алып, бауырына басты да, емізе бастады. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) бізге: “Мына әйел өз баласын отқа тастайды деп ойлайсыңдар ма?” – деді. Біз: “Жоқ, Алланың атымен ант етеміз! Оны отқа тастамауға мүмкіндігі барда, әсте тастамайды”, – дедік. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Алланың Өз құлдарына деген мейірімі осы әйелдің баласына деген мейірімінен де артық”, – деді» (2754/22).