عَنِ الْحَارِثِ بْنِ سُوَيْدٍ، قَالَ: دَخَلْتُ عَلَى عَبْدِ اللَّهِ أَعُودُهُ وَهُوَ مَرِيضٌ، فَحَدَّثَنَا بِحَدِيثَيْنِ: حَدِيثًا عَنْ نَفْسِهِ، وَحَدِيثًا عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ. قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “لَلَّهُ أَشَدُّ فَرَحًا بِتَوْبَةِ عَبْدِهِ الْمُؤْمِنِ مِنْ رَجُلٍ فِي أَرْضٍ دَوِّيَّةٍ مَهْلِكَةٍ، مَعَهُ رَاحِلَتُهُ، عَلَيْهَا طَعَامُهُ وَشَرَابُهُ، فَنَامَ فَاسْتَيْقَظَ وَقَدْ ذَهَبَتْ، فَطَلَبَهَا حَتَّى أَدْرَكَهُ الْعَطَشُ، ثُمَّ قَالَ: ‘أَرْجِعُ إِلَى مَكَانِيَ الَّذِي كُنْتُ فِيهِ، فَأَنَامُ حَتَّى أَمُوتَ’. فَوَضَعَ رَأْسَهُ عَلَى سَاعِدِهِ لِيَمُوتَ، فَاسْتَيْقَظَ وَعِنْدَهُ رَاحِلَتُهُ عَلَيْهَا زَادُهُ وَطَعَامُهُ وَشَرَابُهُ، فَاللَّهُ أَشَدُّ فَرَحًا بِتَوْبَةِ الْعَبْدِ الْمُؤْمِنِ مِنْ هَذَا بِرَاحِلَتِهِ وَزَادِهِ”».
Харис ибн Суәйд былай деді: «Мен науқастанып жатқан Абдулланың көңілін сұрауға бардым. Сонда ол бізге екі хадис баяндады: біреуін өз атынан, екіншісін Алла Елшісінен (с.а.с.) жеткізді». Абдулла: «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Алла мүмін құлының тәубесіне мына адамның қуанышынан да қатты қуанады: бір кісі қатерлі, меңіреу шөл далада болады. Қасында азығы мен сусыны артылған мініс көлігі бар. Ол ұйықтап қалып, оянғанда көлігінің жоғалып кеткенін көреді. Оны іздейді, ақыры шөл қысады. Содан кейін: ‘Бұрынғы орныма қайтып барып, өлгенімше ұйықтайын’, – дейді. Сөйтіп, өлімін күтіп, басын білегіне қойып жатады. Кейін оянса, көлігі қасында тұр екен, үстінде жол азығы, тамағы мен сусыны да бар. Алла мүмін құлының тәубесіне осы адамның көлігі мен азығын тапқандағы қуанышынан да қатты қуанады”, – дегенін естідім», – деді (2744/3).