عَنْ أَبِي بُرْدَةَ، قَالَ: سَمِعْتُ الْأَغَرَّ (وَكَانَ مِنْ أَصْحَابِ النَّبِيِّ ﷺ) يُحَدِّثُ ابْنَ عُمَرَ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَا أَيُّهَا النَّاسُ، تُوبُوا إِلَى اللَّهِ، فَإِنِّي أَتُوبُ إِلَى اللَّهِ فِي الْيَوْمِ مِائَةَ مَرَّةٍ».
Қазақша аудармасы
Әбу Бурда былай деді: «Пайғамбардың (с.а.с.) сахабаларының бірі әл-Ағаррдың Ибн Омарға: “Алла Елшісі (с.а.с.): ‘Уа, адамдар! Аллаға тәубе етіңдер! Расында, мен Аллаға күніне жүз рет тәубе етемін’, – деді”, – деп хадис айтып отырғанын естідім» (2702/42).