Хадис

Сахих Мүслим, № 1840

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
55. Тағдыр кітабыكِتَابُ الْقَدَرِ
бап
3. Күшті болуға және дәрменсіздіктен арылуға бұйыру туралыبَابٌ: فِي الْأَمْرِ بِالْقُوَّةِ وَتَرْكِ الْعَجْزِ
Нөмірі
№ 1840 (Мухтасар реті)
1840
Мүслим, № 1840Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الْمُؤْمِنُ الْقَوِيُّ خَيْرٌ وَأَحَبُّ إِلَى اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ مِنَ الْمُؤْمِنِ الضَّعِيفِ، وَفِي كُلٍّ خَيْرٌ. اِحْرِصْ عَلَى مَا يَنْفَعُكَ، وَاسْتَعِنْ بِاللَّهِ وَلَا تَعْجَزْ، وَإِنْ أَصَابَكَ شَيْءٌ، فَلَا تَقُلْ: “لَوْ أَنِّي فَعَلْتُ كَانَ كَذَا وَكَذَا”، وَلَكِنْ قُلْ: “قَدَرُ اللَّهِ وَمَا شَاءَ فَعَلَ”، فَإِنَّ “لَوْ” تَفْتَحُ عَمَلَ الشَّيْطَانِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Күшті мүмін әлсіз мүміннен қайырлы және Ұлы әрі Құдіретті Аллаға сүйіктірек. Дегенмен екеуінде де жақсылық бар. Өзіңе пайда беретін нәрсеге барынша ұмтыл, Алладан жәрдем тіле және дәрменсіздікке бой алдырма. Егер басыңа бір іс түссе: ‘Егер мен былай істегенімде, былай да, былай болар еді’, – деме. Қайта: ‘Бұл – Алланың тағдыры. Ол қалағанын істеді’, – де. Өйткені ‘егер’ деу шайтанның ісіне жол ашады”, – деді» (2664/34).