Хадис

Сахих Мүслим, № 1839

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
55. Тағдыр кітабыكِتَابُ الْقَدَرِ
бап
2. Барлық нәрсенің, тіпті дәрменсіздік пен алғырлықтың да тағдырмен болатыны туралыبَابٌ: كُلُّ شَيْءٍ بِقَدَرٍ حَتَّى الْعَجْزُ وَالْكَيْسُ
Нөмірі
№ 1839 (Мухтасар реті)
1839
Мүслим, № 1839

عَنْ طَاوُسٍ أَنَّهُ قَالَ: «أَدْرَكْتُ نَاسًا مِنْ أَصْحَابِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَقُولُونَ: “كُلُّ شَيْءٍ بِقَدَرٍ”. قَالَ: وَسَمِعْتُ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا يَقُولُ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “كُلُّ شَيْءٍ بِقَدَرٍ، حَتَّى الْعَجْزِ وَالْكَيْسِ”، أَوِ “الْكَيْسِ وَالْعَجْزِ”».

Қазақша аудармасы

Таус былай деді: «Мен Алла Елшісінің (с.а.с.) бірқатар сахабаларын кездестірдім. Олар: “Барлық нәрсе тағдырмен болады”, – дейтін. Сондай-ақ Абдулла ибн Омардың (р.а.): “Алла Елшісі (с.а.с.): ‘Барлық нәрсе тағдырмен болады, тіпті дәрменсіздік пен алғырлық та’ немесе ‘алғырлық пен дәрменсіздік те’, – деді”, – дегенін естідім» (2655/18).