عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «أَتَدْرُونَ مَا الْمُفْلِسُ؟» قَالُوا: «الْمُفْلِسُ فِينَا مَنْ لَا دِرْهَمَ لَهُ وَلَا مَتَاعَ». فَقَالَ: «إِنَّ الْمُفْلِسَ مِنْ أُمَّتِي يَأْتِي يَوْمَ الْقِيَامَةِ بِصَلَاةٍ، وَصِيَامٍ، وَزَكَاةٍ، وَيَأْتِي قَدْ شَتَمَ هَذَا، وَقَذَفَ هَذَا، وَأَكَلَ مَالَ هَذَا، وَسَفَكَ دَمَ هَذَا، وَضَرَبَ هَذَا، فَيُعْطَى هَذَا مِنْ حَسَنَاتِهِ، وَهَذَا مِنْ حَسَنَاتِهِ، فَإِنْ فَنِيَتْ حَسَنَاتُهُ قَبْلَ أَنْ يُقْضَى مَا عَلَيْهِ أُخِذَ مِنْ خَطَايَاهُمْ فَطُرِحَتْ عَلَيْهِ، ثُمَّ طُرِحَ فِي النَّارِ».
Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Тақыр кедейдің кім екенін білесіңдер ме?” – деп сұрады. Олар: “Біздің арамыздағы тақыр кедей – дирхамы да, дүние-мүлкі де жоқ адам”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Расында, менің үмбетімнің нағыз тақыр кедейі – Қиямет күні намазымен, оразасымен және зекетімен келетін адам. Алайда ол біреуді балағаттаған, біреуге жала жапқан, біреудің мал-мүлкін жеген, біреудің қанын төккен әрі біреуді ұрған күйінде келеді. Сонда оның сауаптарынан біріне де, екіншісіне де беріледі. Егер мойнындағы ақылар толық өтелмей тұрып сауаптары таусылса, олардың күнәлары алынып, оның мойнына артылады. Содан кейін ол Тозаққа тасталады”, – деді» (2581/59).