Хадис

Сахих Мүслим, № 1835

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
54. Зұлымдық кітабыكِتَابُ الظُّلْمِ
бап
6. Азапқа ұшырағандардың құдықтарынан су алу туралыبَابٌ: فِي الِاسْتِقَاءِ مِنْ آبَارِ الْمُعَذَّبِينَ
Нөмірі
№ 1835 (Мухтасар реті)
1835
Мүслим, № 1835Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ النَّاسَ نَزَلُوا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ عَلَى الْحِجْرِ (أَرْضِ ثَمُودَ) فَاسْتَقَوْا مِنْ آبَارِهَا، وَعَجَنُوا بِهِ الْعَجِينَ، فَأَمَرَهُمْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنْ يُهَرِيقُوا مَا اِسْتَقَوْا، وَيَعْلِفُوا الْإِبِلَ الْعَجِينَ، وَأَمَرَهُمْ أَنْ يَسْتَقُوا مِنَ الْبِئْرِ الَّتِي كَانَتْ تَرِدُهَا النَّاقَةُ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) былай деп баяндады: «Адамдар Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Хижрге – Сәмуд елінің жеріне келіп аялдады. Олар сол жердің құдықтарынан су алып, сол сумен қамыр иледі. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) оларға алған суларын төгіп тастауды, қамырды түйелерге беруді және інген келіп су ішетін құдықтан ғана су алуды бұйырды» (2981/40).